Абай облысыдорогиТОП

Бородулиха ауданында жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Бородулиха ауданы Подборный ауылдық округіне қарасты Камышенка ауылындағы Мир көшесіне орташа жөндеу басталды. Мердігер – «Семей жолдары» мекемесі.

Қазіргі таңда көшені шағылтас және құм-қиыршық тас қоспасымен (ҚҚТ) толтыру аяқталып, тегістелуде. Жақын арада асфальт төселмек. Жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 630 метрді құрайды. Жұмыс 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде.

Келесі жылы Подгорный ауылдық округіндегі Гагарин, Победа және Тельман көшелерін ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Сонымен қатар, Камышенка ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынған жаңа шағын футбол алаңы салтанатты түрде ашылды. Осы іс-шараның құрметіне турнир өтіп, онда ауданның жас футболшылары бақ сынасты.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында биыл Бородулиха ауданында екі жаңа футбол алаңы – Жерновка мен Жаңа Шүлбіде пайдалануға беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button