Абай облысыТОП

Абай облысының «Не кипишуй» КВН командасы дәстүрлі «Голосящий Кивин» музыкалық фестивалінің жеңімпазы атанды

Облысымыздың командасы қатысқан фестивальде түрлі елдерден 20-дан астам команда бақ сынасты. Нәтижесінде «Не кипишуй» командасы өзгелерден ерекшеленіп, үшінші орынға ие болды.

Команданың бұл жетістігімен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құттықтады.

«Сіздерді Абай облысы тұрғындары атынан «Голосящий Кивин» КВН командаларының дәстүрлі музыкалық фестивалінде үшінші орын алуларыңызбен құттықтаймын! Бұл жетістіктеріңіз халықаралық аренада қазақстандық өнер мен талант, шығармашылығы жоғары бағаланатындығын көрсетеді. Бұл қажырлы еңбектің, ауызбіршіліктің нәтижесі. Алдағы уақытта табыс, жеңіс және сарқылмас шабыт тілеймін. Көрермендерді қуанта беріңіздер. Біз сіздермен мақтанамыз және бастамаларыңызды әрқашан қолдаймыз».

Еске сала кетейік, 27-28 шілдеде Светлогорск қаласында «Голосящий Кивин» фестивалі өткен болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button