Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Полиция күнімен құттықтауы

Құрметті полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Баршаңызды  кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер алғырлық пен батылдықты, төзімділік пен табандылықты талап ететін қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметтік парыздарыңызды абыроймен атқарып келесіздер.

Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздігімізді қас қақпай күзету жанкештілік пен асқан ерлікті қажет етеді.

Отанына қалтқысыз еңбек етудің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан тәртіп сақшылары ел тұтастығы мен тыныштығының, бейбітшілік пен берекелі өмірдің берік қалқанына айналды.

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңызға табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін.

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button