Абай облысыТОП

Абай облысында «е-Otinish» АЖ ақпараттық жүйесімен жұмыс сарапталды

Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Анар Жакупованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормаларын сақтау және «е-Otinish» АЖ ақпараттық жүйесімен жұмыс мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға облыс әкімдігінің, қалалар мен аудандардың, сондай-ақ облыстық басқармалардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдарға қарасты ұйымдардың үш жүзден астам өкілдері қатысты. Баяндамашы ретінде түрлі бөлімдердің мамандары, облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Назгүл Мұқашева шақырылды.

Семинар тәжірибе алмасудың, озық тәжірибені талқылаудың және азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс жасау саласындағы шешімдерді табудың тиімді алаңына айналды. Қатысушылар теориялық біліммен қатар, өз жұмыстарында қолдануға болатын практикалық ұсыныстарды да алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button