ҚазақстанТОП

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Күн тәртібіне сәйкес, Парламент «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасын талқылайды.

Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Жоғары Сот Кенесінің төрағасы Денис Шипп, ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Тукиев, ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ҚР Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қатысуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 маусымда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусым сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button