Абай облысыТОП

Абай облысында «Жасыл ел» жасақтарының жұмысы жалғасуда

Басты мақсат – жастарды қайырымдылыққа баулып, туған жердің тазалығына атсалысуға шақыру. Биылғы маусымда жобаға 350-ден астам жас қатысып, облыстың әртүрлі елді мекендерінде 30-ға жуық саябақты тазалап үлгерген.

Курчатов қаласында «Жасыл ел» сарбаздары арамшөп жұлумен және шөп шабумен айналысады. Олардың күшімен Жастар саябағындағы субұрқақтың жанындағы тротуарлар арамшөптерден тазартылды. Қазіргі таңда жұмыстар 1 га аумақты қамтып, 50 текше метр шөп шабылды.

Бородулиха ауданында сарбаздар ұйым қызметкерлерімен бірге жол жиектерін жаңартып, шөп шабу жұмыстарын жүргізді. Үржар ауданында Жастар және Жеңіс саябақтарын тазарту, әрі көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Аягөз ауданында биыл «Жасыл ел» жасағында 35 адам жұмыс істейді.

«Жаңа уақыт –білімге, жұмыс істеуге және өсуге деген ұмтылыс. Жастарға тегін жейделер, қалпақтар, қолғаптар беріледі. Олар ауданды көгалдандырумен, арамшөп жұлумен, жол бойындағы аумақтарды абаттандырумен айналысады. Жұмыспен қамтылған жастардың туған жерінің абаттандыру ісіне құрметпен қарауы маңызды», -деп атап өтті Аягөз ауданының «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының басшысы Бақтияр Әбен.

«Жасыл ел» еңбек жасағының жұмысы басталғаннан бері 5 тоннадан астам қоқыс шығарып, гүл егу және суару жұмыстарын жасалды. Нәтижесінде, 4 000 шаршы метрден астам жер абаттандырылды. Жастардың бұл жұмыстары шілде, тамыз айларында да жалғасатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button