ШҚО

Өскеменде қызды судан құтқарған

Ұлттық ұлан әскери қызметкері болып шықты.
Өскемен қаласында еңбек демалысында жүрген 6699 әскери бөлімінің жауынгері Жанасбек Пермабек жолдасы Даурен Тоқтағановпен бірге Үлбі өзенінің жағасындағы Протазанов көшесі бойында келе жатып, өзеннің арғы бетінде тал қармап, айғайлап көмек сұраған бойжеткенді көреді. Іле-шала көлікке отырған екеуі Үлбінің арғы бетіне жедел жетіп, суға батып бара жатқан бойжеткені құтқарып қалды.

-Бойжеткен өзенге құлап жатқан талдың бұтағынан ұсталып әрең тұр екен. Мен талдың бойымен жағалап жүзіп, қыздың білегінен ұстап, жағаға қарай сүйредім. Ол жердің ағысы өте қатты болғандықтан, өзенге сұлаған тал ағашы екеуіміздің салмағымызды көтермес деген қорқыныш болды. Дегенмен, бәрі сәтті аяқталды, -дейді 6699 әскери бөлімінің ефрейторы Жанасбек Пермабек.
Жанасбек Ұлттық ұланда 2011 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Әскери қызметкер «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы бұйрығымен марапатталатын болады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button