Абай облысыТОП

BSC «1xSpartak» жағажай футбол клубының ойыншыларымен кездесу өтті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев клубтық әлем чемпионатына жолдама алған BSC «1xSpartak» жағажай футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Аймақ басшысы команданы жүлдесімен құттықтап, алдағы жарыстарына табыс тіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесуге Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің директоры Никита Мозговой мен команданың бас директоры Тимур Камашев қатысты.

Жуырда Павлодар қаласында 2024 жылғы маусымның әуесқой командалары арасында жағажай футболынан Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталған болатын. Абай облысының командасы турнирдің күміс медалін жеңіп алды. Команда мүшесі Тимофей Гусев турнирдің «Үздік қақпашысы» атанды.

«Өңірімізде футбол қарқынды дамып келеді. Спорттың бұл түрі жанкүйерлердің қызығушылығын арттырып, футболшыларымыз бізді жетістіктерімен қуантуда. Жетістіктер мен жеңістер тілеймін! Күш-жігерлеріңіз бен командалық бірліктің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздіңіздер», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы команданың жаттығулары үшін барлық қажетті жағдай жасалатынын атап өтті. Семейде 12 мың орындық жаңа стадион мен басқа да инфрақұрылымдық спорт нысандарының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Жағажай футбол клубы 2022 жылы құрылған. Сол жылы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button