Абай облысыСемейТОП

Семейдегі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Семей қаласындағы бірнеше нысанды аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Солардың қатарында ЦТП-457 жылу желілерін жөндеуден кейінгі абаттандыру жұмыстары, А, Б кварталы, сондай-ақ Водный кентіндегі су құбыры желілерінің құрылысы тексерілді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарымен кездесу өтті. Олар бұған дейін жалпы абаттандыру, жол, қоқыс контейнерлерін орнату және Восточный кентінде балалар алаңдарын ретке келтіру мәселелері бойынша өтініш білдірген болатын.

Димитрий Гариков тұрғындар өтінішіне тиісті жауаптар қайтарып, мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы, әрі уақытылы орындау туралы тапсырма берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button