Абай облысыМерекеТОП

Абай облысында мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтуде

Көкпекті ауданында «Ұлы дала елі» алаңында ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға 400-ден астам тұрғын қатысты. Сондай-ақ, «Толағай жастары» акциясы өткізілді. Акция аясында аудан жастары Толағай тауының басына көтеріліп, мемлекеттік туды орнатты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай ауданында да туды көтеру рәсімі өтті. Аудан тұрғындары Әнұран мен патриоттық әндер шырқады. Қатысушылар үшін «Қаламқас» ансамблі өнер көрсетті.

Жарма ауданы Қалбатау ауылының орталық алаңында аудан орталығының жұртшылығы ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер, жасұландықтар мен қала тұрғындары патриоттық әндер шырқады. Іс-шара веложарыспен жалғасты.

Ақсуат ауданының орталық алаңында да салтанатты іс-шара өткізілді. Сахнада Ақсуат мәдениет үйінің көркемөнер ұжымы мерекелік концерт қойып, патриоттық әндер шырқады.

Үржар ауданы Таскескен ауылында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шарада қатысушылар Әнұран, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар тақырыптық көрме қойылды.

Бесқарағай ауданында тұрғындар бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындады. Танымал спортшылар, әртістер автошеруге қатысты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button