СемейТОП

Семейде Заря ауданындағы жағажайды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалалық эпидемиогиалық бақылау басқармасының басшысы мен ТЖБ басшысының орынбасарымен Зария шағын ауданындағы жағажайды абаттандыру жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған аумақта қазіргі таңда қауіпсіз жағажайды жайластыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұмыс тобы жағажайдағы қауіпсіздік мәселесін талқылады. Қала басшысы жұмыс барысында адамдардың қауіпсіздігі басты назарда болу керектігін атап өтті. ЖКХ бөлімі мен ТЖБ-ға қауіпсіздіктің барлық шарттарын сақтауды, арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтарын орнатуды, сондай-ақ, құтқарушылар мен жедел медицина көрсететін орталықты басты назарға алуды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button