МерекеСемейТОП

Семейде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтті

Бүгін Семей қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 50-ге жуық іс-шаралар өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Іс-шаралар қаланың орталық бөлігін ғана емес шеткері аудандарды да қамтыды. Атап айтқанда Ертіс жағалауы, Орталық саябақ, Мұхтар Әуезов алаңы, сол жағалаудағы көпір астындағы кеңістік, Қарағайлы, Биологиялық орталық, Шығыс, Бобровка кенті, Комсомол, Дальняя, Жоламан және Тері- былғары зауыты аудандарын қамтыды.

Мерекеге орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ертіс жағалауындағы мерекелік іс шараны тамашалады.

“Баршаңызды жадыраған жаздың алғашқы мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық болсын! Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!”,– деп тілек білдірді Нұрбол Нұрсағатов қаланың жас тұрғындарына.

Мерекелік іс-шарада спорттық ойындар, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламплар ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламаны қаланың әртүрлі аудандарында бір мезетте 8000-ға жуық қаланың кішкентай тұрғындары тамашалады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button