Абай облысыТОП

Абай облысында «Мейірім» акциясы іске асырылуда

Абай облысында 2024 жылдың ақпан айынан бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді қолдау үшін «Мейірім» акциясы жұмыс істеп келеді.

Акцияны өткізудің мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудің баламалы нысандарын насихаттау, сондай-ақ әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсету үшін бизнес сектор өкілдерін тарту.

Бұл акция балаларға әлеуметтік дағдыларды алуға, дос табуға, көмектесуге, кеңес беруге, таңдау кезінде бағыттауға және алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

Анықтама: облыста барлығы 221 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button