Абай облысыТОП
Абай облысының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізді. Оған қала мен аудан әкімдері, басқарма басшылары, облыстық ТЖД өкілдері қатысты, – деп хбарлайды Semeynews.kz.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, жолдарды жөндеу, жұмысқа орналастыру, медицина, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, ойын алаңын салу мәселесін көтерді.
Өтініш білдіргендердің барлығына түсініктеме берілді. Ал жауапты органдарға көтерілген мәселелерді қысқа мерзімде шешу тапсырылды.
Айта кетейік, азаматтарды қабылдау орталығы Абай көшесі, 86 мекенжайында орналасқан (Абай атындағы кітапхана). Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-18.30.
Semeynews.kz