Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Абай облысында орманнан ағашты заңсыз кескен күдіктілер анықталды

Абай облысында орманнан ағашты заңсыз кескен күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бесқарағай ауданының табиғатты қорғау полициясының және Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Семей орманы” инспекторларымен бірлесіп, рейд жүргізу барысында ұзындығы 6 метр, әр түрлі диаметрлі жаңа кесілген қарағай бөренелерімен тиелген тіркемесі бар МТ3 тракторын тоқтатты.Тиісті тексеру кезінде жүргізуші жалған құжаттарды ұсынды.

Заңсыз ағаш кесуді жүзеге асыруда ауданның тағы 4 азаматы анықталды. Келтірілген залал сомасы 530 мың теңгеден асты.

Аталған факт Қазақстан Республикасы ҚК-нің екі бабы бойынша, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені, елеулі залал келтіргені үшін, сондай-ақ көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button