Абай облысыТОП
Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы екі отбасына жаңа баспана кілті табысталды
Долон ауылдық округінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған екі отбасына жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде тапсырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Салтанатты шарада ауылдық округ әкімі Талғат Құмаров халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Бүгін біз көпбалалы отбасыларды жаңа үйге қоныстандырып, қуаныштарына ортақтасудамыз. Жаңа шаңырақ жақсылық келеді деп сенемін. Қоныс құтты болсын!» – деді әкім.
Айта кету керек, Бесқарағай ауданында соңғы жылдары көпбалалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдеріне 142 пәтер берілген.
Semeynews.kz