Шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов Дулатов, Байсейтов көшелеріндегі, Юность шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстарын бақылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сондай-ақ, қала басшысының тапсырмасымен жақын арада Галето, Бобровка кентінде тротуарларды салу жұмыстары басталады.
Қазіргі таңда Семей қаласының тұрғындары тарапынан тротуарларды жөндеу бойынша көп ұсыныстар келіп түсуде. Қалада тротуарлардың басым бөлігі қанағаттандырарлық емес.
Осы жағдайды ескеріп, ағымдағы жылы қала әкімдігі жаяу жүргіншілер жолын жөндеуге басымдылық беріп отыр.
Биыл тротуар жолдарын жалпы жөндеу алаңы – 27000 м2 астам аумақты құрайды.
“Халық көп шоғырланған аудандарға басымдылық беру керек. Сондай-ақ, қаланың шеткері аумақтарының да тротуарларын жөндеу қажет. Балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударыңыздар”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, биыл Семейде 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда толық тізім жасақталды.
Semeynews.kz