Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Новопокровка ауылдық округінде егіс жұмыстары жүргізілуде

Новопокровка ауылдық округінен “Лина Агро” ЖШС егіс жұмыстарын белсенді жүргізуде. Директор Юрий Ковязин осы жылға арналған болжамдары мен үміттерімен бөлісті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы маусымда “Лина Агро” бидай мен күнбағыс егеді, сұраныстың төмендігіне байланысты қарақұмықтан бас тартқан.

  • Жер көктемгі ылғалды сақтай алса, биыл жақсы өнім аламыз деп күтіп отырмыз. Орташа өнімділік болжамы бидай мен күнбағыс үшін 15 ц/га құрайды, жазғы жағдайларға байланысты бұданда жоғарылау мүмкіндігі бар,- деді Юрий Ковязин.

Шаруа қожалығы өсімдіктердің дамуына оң әсер ететін сульфоаммофос және аммоний сульфаты сияқты тыңайтқыштарды белсенді қолданады. Егіс кезінде заманауи егіс кешендерін пайдаланады , бұл ауа-райының өзгеруі жағдайында да жұмысты тиімді орындауға көмектеседі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button