Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Глинки 35 мекенжайы бойынша шатырдың ішінара құлауы бойынша көшпелі кеңес өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
26 мамырда сағат 17:45-те Абай облысы ТЖД пультіне Глинки 35 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйде шатыр салбырап, оның құлау қаупі бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
1984 жылы салынған бес қабатты көпқабатты тұрғын үйде 70 шаршы метрлік шатыр жартылай жарылып кетті. Шатырдың жалпы ауданы – 160 ш. м.
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкімдік бөлімдерінің басшыларымен және ТЖБ басшысының орынбасары Қымбат Көпбаевпен көшпелі кеңес өткізді.
Көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша Нұрбол Нұрсағатов адам өміріне қауіп төндіретін шатыр бөлшектерін демонтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Тұрғын үй инспекциясы және құрылыс бөлімінің басшыларына барлық жұмыстарды аяқталғанға дейін қатаң бақылауда ұстау тапсырды.
Semeynews.kz