Бесқарағай ауданының ауылдарында медициналық пунк салынуда
Абай облысы Бесқарағай ауданында медициналық ұйымдарды салуға облыстық бюджеттен 33,6 млн теңге қаражат бөлінді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бесқарағай ауданының шеткері ауылдарында тұрғындардың көтерген ең маңызды мәселелерінің бірі елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Әбден тозығы жеткен ғимараттарда орналасқан медициналық пункттерге жаңа ғимараттар салу кездесулер барысында жиі көтерілетін мәселелердің бірі.
Бүгінгі күні аудан басшысының халықпен кездесуінде көтерілген бұл мәселелер оң шешімін тапқан. Нақтылай түссек, Қара-Мырза, Қоянбай, Стеклянка ауылдарында медициналық пунктің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жалпы 2024 жылы Бесқарағай ауданында 4 дәрігерлік амбулатория, 6 медициналық пункт салынатын болады. Аталған жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 33,6 млн теңге қаражат бөлінді.
Semeynews.kz