Абай облысыОқиғаТОП

Абай облысында бұлан апатқа себеп болды

23 мамырда “Омбы-Майқапшағай” тас жолында ЖКО орын алды. Сағат 21:20 шамасында 39 жастағы Lexus жүргізушісі Семей қаласының бағытына қарай келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан бұланды қағып кетуге жол берді.

Апат салдарынан көлікте зардап шеккендер жоқ. Бұлан алған жарақаттардан қайтыс болды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға шақырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button