Абай облысыҚоғамМәдениетТОП

Үржарда “ЖАУҚАЗЫН-2024” өнер байқауы жалауын желбіретті

Үржар аудандық мәдениет үйінде «Жауқазын Балбөбек – 2024» гала концерті өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

1995 жылдан дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан “Жауқазын” өнер байқауы биыл “Өнерліге өріс кең” деген тақырыппен болды. Ауқымды шараға 44 мектептен 3 мыңдай бала қатысты. Ішінен жүйрік болғандары республикалық сайыстарға жолдама алады, әрі Үржар аудандық «Сонар» ән-би ансамблінің құрамына қабылданады.

Талантты бүлдіршіндерге аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков, “Аманат” партиясы Үржар аудандық филиалының төрайымы Роза Жүнісова, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұратхан Жүнісов және тағы басқа азаматтар қазылық жасады. Қатысушыларға Үржар ауданының әкімі Ақылбек Башимбаевтың алғыс хаты және естелік сыйлықтар табыс етілді.

“Жауқазын -2024” өнер байқауына қатысқан бүлдіршіндерді жеңісімен құттықтаймыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button