Абай облысыТОП

Абай ауданында «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асырылуда

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Абай ауданы Қарауыл ауылында Тоқтамыс көшесіне 1505 м жол асфальтталып, 73 көше жарықтары орнатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Маусым айына дейін «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауыл ауылында Бекбосын көшесіне 53 және Мамай көшесіне 68 көше жарықтары орнатылады.

Сонымен қатар, Абай ауданы бойынша 2024 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында Көкбай ауылында Мырзабатыр көшесінің 580 м асфальталып, Шәкәрім көшесіне көше жарықтары орнатылуда.

Қасқабұлақ ауылында Достық көшесінің 700 м жолы асфальталып, жарық шамдары жөнделеді.

2023-2024 ж «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Көкбай ауылында спорт комплексінің құрылыс жұмысы жүруде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button