Алғабас ауылдық округінде ауылшаруашылық техникалары жаңартылды
Жаңасемей ауданындағы Алғабас ауылдық округінде ауылшаруашылық техникалары жаңартылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ауылдық округте 888 халық тұрады. Ауылдың негізгі бағыты мал шаруашылығы, 35 шаруа қожалық және 4 азық-түлік дүкені жұмыс жасайды.
Қазір ірі қара 4 222 бас, ұсақ мал 6 555 бас, жылқы малы 9 030 болып, тұрақты өсім сақталып отыр. Жыл басынан бері 933 тонна ет, 2 447 тонна сүт өндірілді.
«Мадияр», «Мария», «Сары», «Ұлытау» шаруа қожалықтары асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Қожалықтар 6,4 млн. теңге субсидия алды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ бағдарламасымен «Шалқар» шаруа қожалығы 4,2 млн. теңге несие алып, шөп шабу үшін орама пресс сатып алынды.
«Камбар» шаруа қожалығы «ГОРСЕЛЬМАШ» ЖШС арқылы 5,3 млн. теңгеге шөп шабатын агрегат және 8,7 млн теңгеге шөп сығымдағыш техникасын сатып алды.
Жыл басына бері округте әлеуметтік- экономикалық көрсеткіш тұрақты және даму нәтижелерін сақтап отыр.
Semeynews.kz