Абай ауданында «Кәмен оқулары» өтті
Абай облысының білім басқармасы және Абай ауданының әкімдігінің қолдауымен көрнекті халық жазушысы, абайтанушы- мұхтартанушы, майдангер, ұстаз Кәмен Оразалин атындағы көркемсөз шеберлерінің аймақтық «Кәмен оқулары» өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Байқауға жиыны 24 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады.
Байқау үш бөлім бойынша өткізілді. І бөлім – “Әдебиет-қоғамның айнасы”, ІІ бөлім – “Абай ауылына саяхат”, ІІІ бөлім – “Жазушы К.Оразалиннің шығармашылығы”.
Байқаудың қорытындысы:
Бас жүлде – Ардақ Рахила, Қанатқызы Балым
І орын – Ержан Жания, Тоқтамысова Тоғжан
ІІ орын – Туашева Зарина, Даулет Балауса, Дәулетбек Мадина
ІІІ орын – Қайырбекұлы Мадияр, Айдынқызы Ұлпан, Бекбосын Аружан, Абдыгамитова Айдана, Адильханова Қарақат.
Жарыс соңында жас көркемсөз шеберлері Кәмен Оразалиннің тұрған үйі қазіргі музей үйіне барып, жазушының өмірбаянымен танысып, музей ішін аралады.
Semeynews.kz