Абай облысыМерекеТОП
Абай облысының әкімі өңір тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады
Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Пасха мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Құрметті жерлестер!
Еліміздің православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл – әрбір адамның жүрегінен орын алып, шыншыл әрі әділетті болуға үндейтін жарқын мереке. Пасха мерекесі өмірді мейірім мен қуанышқа бөлеп, адамдарды игі істер мен жанашырлыққа шабыттандырады.
Ортақ отанымызда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрсын! Жүрекке жылу, жанға шуақ берер мереке әр шаңыраққа бақыт пен амандық әкелсін.
Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке, мол игілік тілеймін!
Құрметпен,
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев