Абай облысыТОП

Абай облысында «Бақты» халықаралық кеден бекеті жаңғыртылып жатыр

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі «Өткізу пункттерінжаңғырту және техникалық жарақтандыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда («Қалжат», «Алакөл», «Майқапшағай», «Бақты», «Тәжен», «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт», «Темір баба», «Жібек Жолы», «Достық»).

Осы бағдарлама шеңберінде 2023 жылдың қаңтарайынан бастап «Бақты» өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жарақтандыру үшін құрылыс-монтаждау жұмысы жүргізілуде. Құрылысты 2024 жылдың 4 тоқсанында аяқтау көзделген.

Жобада өткізу пунктін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кедендік бақылаудың заманауитехникалық құралдарымен (КБТҚ) жарақтандыру көзделген.

Бұл ретте:
– тауарлар мен көлік құралдарын сканерлеу бойынша инспекциялық-тексеру кешендерінің(ИТК) желілерінің санын 1-ден 3-ке дейін ұлғайту;
– автокөлік құралдарының салмақ-габариттік параметрлерін өлшеу бойынша желілер санын 2-ден 7-ге дейін ұлғайту.

Қазіргі заманға сай жолаушылар терминалыныңқұрылысы қарастырылған. Онда азаматтар мен олардың жүгі және қол жүгінің кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жекелеген кіру, шығу желілерікөзделген. Әрбір желіде «жасыл» мен «қызыл» дәліздер жүйесі жұмыс істейді.

Өткізу пунктінде автокөлік құралдарын тасымалдауға арналған жолақтар санын 2-ден 6-ға дейін ұлғайту, оның ішінде экспорт пен импортты үш жолақтан ұлғайту жоспарланған.

Сондай-ақ, барлық кедендік қызметтерді толық автоматтандыру және кедендік ресімдеу мен бақылаудың ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция болады.

Жобаны іске асыру барысында «Бақты» өткізу пунктінің қабілетін 8 сағаттық жұмыс режимі кезінде 60 бірліктен 500 бірлік автокөлік құралынадейін, жолаушыларды өткізуді 150 бірліктен 1 000 бірлікке дейін тек бір бағытқа ұлғайту көзделген.

2023 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері аптасына 7 күн, күніне 12 сағат жұмыс істейді. Жоба іске асқаннан кейін «Бақты» өткізу пунктінің өткізу қабілеті қосымша 50%-ға артады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік бақылаушы органдар қызметкерлерінің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тауар тасымалдаушылардың, сондай-ақ «Бақты» өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтардың жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалатын болады.

Нәтижесінде «Бақты» өткізу пунктінің өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Тауарлар мен көлік құралдарының мемлекеттік шекарада кедендік бақылауда болу уақыты едәуір қысқарады. Кедендік бақылауды жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарайтарлықтай төмендейді. Бұл жеткізілетін тауарлардың өзіндік құнының төмендеуіне мүмкіндік береді. Ал жасалған қолайлы жағдайларсыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды, сондай-ақ тауарларды отандық және шетелдік тасымалдаушыларды тарту үшін өткізу пунктініңбасты ерекшелігі болады.

Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін төлемдер мен салықтың көлемін ұлғайтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button