Абай облысыТОП

Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына 110 адам қабылданды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ұлан Сәдуақасов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте превенция басқармасы қызметіндегі маңызды бағыт – бірыңғай терезе арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесін бақылау екендігін атап өтті.

  • Еріктілердің белсенділігінің арқасында жыл басынан бері 97 миллионнан астам бюджет қаражаты үнемделді. Өткен жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының қатысушылары жемқорлыққа қарсы белсенді атсалысуда,- деді Ұлан Сәдуақасов.

Спикердің айтуынша, бүгінде «Корпоративтік волонтерлік» бағыты бойынша белсенді азаматтық ұстанымы бар 110 адам және 37 кәсіпкерлік субъектісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар қатарына қабылданған. Қоғамдық бақылау жобасы жол, су желілерін, балалар және спорт алаңдарын салу, халықты ескерту жүйесін ұйымдастыру және реттеу сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларды қамтиды.

  • Агенттік сонымен қатар шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсететін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасын бастады. Облыста жоба алғаш рет наурыз айының басында Аягөз ауданында жүзеге асып, 50-ге жуық аудан тұрғыны облыстық салалық басқарма өкілдерінен кеңес алды, -деп толықтырды спикер.

Облыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді. Онда экология, жер қатынастары, жол мен инфрақұрылым, әлеуметтік сала, бизнес мәселелері және жаңа аймақтарды қалыптастыру кезіндегі тәуекелдер қамтылды.

Ағымдағы тоқсанда тәуекелдер картасы жылу электр станциялары, апатты және тозығы жеткен үйлер, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәселелермен толықтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button