Абайская областьТОП
Абай облысының полициясы: Су тасқыны кезінде тонау фактілеріне жол берілген жоқ
Аягөз ауданындағы су басқан аймақтардан тұрғындар эвакуацияланғалы бері талан-таражға жол бермеу мақсатында полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап, патрульдеу жұмыстарын жүргізуде.
Қабылданған шаралармен қатар тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға қауіпті аймақтағы үйлерді одан әрі су басып кетпеу үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал тонау фактілерінің алдын алу мақсатында 60-тан астам полиция қызметкері күшейтілген тәртіпте қызмет етуде, оның ішінде арнайы жасақ қызметкерлері де бар.
Semeynews.kz