Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында ЖКО салдарынан 4 адам ауруханаға жеткізілді

Абай облысы Бесқарағай ауданында көлік аударылып, 4 адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға наурыздың 16-нан 17-не қараған түні Бесқарағай ауданының аумағында болған.

«Республикалық маңызы бар «Семей-Павлодар» тасжолында келе жатқан көлік аударылып түсті. Жол апатынан 4 адам зардап шеккен. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне олардың көмекке мұқтаж екендігі туралы хабар келіп түсті», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Медицина қызметкерлері сол жерге келгеннен кейін ақпарат расталды. Олар зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button