Ақсуат аудандық ауруханасының дәрігерлері көкпар ойыны кезінде ауыр жарақат алған 43 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды
Ол ес-түссіз күйінде көп жарақаттармен қабылдау бөліміне жеткізілген.
Аудандық дәрігерлердің сөзінше, науқас МӘМС жүйесіндегі сақтандырудың арқасында барлық қажетті медициналық көмекті тегін алған. Оның ішінде тексеру, операция және операциядан кейінгі оңалту процедуралары бар. Ал сақтандырусыз емделу құны 500 мың теңге шамасында болар еді.
«Толық тексеруден кейін диагноз қойылды: бас сүйектің ашық жарақаты, мидың ауыр дәрежедегі көгеруі және ісінуі, эпидуральды гематома, сол жақтағы уақытша париетальды сүйектің жабық сынуы. Шұғыл түрде шешім қабылданып, бас сүйегінің трепанациясы, эпидуральды гематома алып тасталынды. Науқас өкпені жасанды желдеткіш аппаратына қосылды”, -деді аудандық аурухана дәрігерлері.
Үйлесімді жұмыс пен телемедицина арқылы аудандық дәрігерлер бірнеше рет облыстық нейрохирургтар және реаниматологтармен консультациялар өткізді.
14 наурыз күні науқастың беті бері қарады. Көзін ашып, өздігінен тыныс ала бастады. Ары қарай емдеу үшін санавиация пациентті облыс орталығына жеткізді.
Дәрігерлер медициналық персоналдың керемет жұмысы мен пациенттің төзімділігінің арқасында біртіндеп денсаулығы жақсара бастағанын атап өтті.
Биылғы жыл отандық денсаулық сақтау үшін маңызды. Себебі, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Көптеген ауыл тұрғындарының консультациялық-диагностикалық көмектің жетіспеушілігі және дәрі-дәрмектердің қол жетімсіздігімен бетпе-бет келетіндігін ескере отырып, ауыл медицинасын қайта қарау жағдайды түзеуге ықпал етеді.
Semeynews.kz