ҚоғамСемейТОП

Семейде аулаларды абаттандыру бойынша жұмыс кеңесі өтті

Бүгін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен ағымдағы жылы қала аулаларын абаттандыру бойынша комиссияның жұмыс отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов комиссия мүшелерінің ұсыныстары мен тілектерін тыңдады. Жиынға Семей қаласы әкімдігі бөлімдерінің басшылары, “Водоканал” МКК, “Теплокоммунэнерго” МКК мамандары, қоғамдық кеңес мүшелері және мәслихат депуттатары қатысты.

Бұдан бұрын комиссия мүшелері қаладағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап, биыл абаттандырылуы тиіс аулалардың тізімі құрылған болатын. Жиын барысында әр мекенжай бойынша талқылаулар жүргізілді.

Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер хаттама түрінде бекітіліп, қала әкімінің бақылауына алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button