Абай обласы полицейлері синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды
Семей қаласында арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын ұзақ әзірлеу және кешені нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғандардың тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 г-нан асатын “мефедрон” психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын ұялы телефондар тәркіленді.
“Есірткі тұтыну үшін 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың “қара” нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр”, – атап өтті Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Semeynews.kz