Абай облысыҚоғамТағайындауларТОП

Семей халықаралық әуежайына жаңа директор тағайындалды

Ғазизбек Саматов «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ғазизбек Қайратұлы, 1986 жылы 1 тамызда Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «қаржыгер» мамандығы, Азаматтық авиация академиясында «әуе көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алған.

Көп жылдар бойы «Өскемен әуежайы» АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директорының көмекшісі – сапаны бақылау аудиторы қызметін атқарды.

Тағайындауға дейін «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС директорының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button