Семейде мамандар қаладағы аспалы көпірдің жай-күйін тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
2024 жылғы 18 ақпанда Абай облысы Семей қаласындағы аспалы көпірді тексеру нәтижесінде көпірдің элементтері арасындағы деформациясының алдын алу үшін (созылу, иілу, сондай-ақ әртүрлі элементтерді ығысу кезінде, әртүрлі жүктемелер кезінде) арналған бөліктері №1 тіректе шамамен 70 мм және №10 тіректе 60 мм-ді құрайды деген қорытынды шықты.
Нәтижесінде көпір тіректерінің жағдайы қанағаттанарлық, қауіп анықталған жоқ.
Деформациялық бөліктердің ашылуы сыртқы ауаның төмендеуі кезінде пайда болды. Ұзақ уақыт бойы, түнгі кезде температура -30 градустан төмен түсті. Аспалы көпірдің негізгі «750 метр» төсемінің, көпір конструкцияларының зақымдануы табылған жоқ, аспалы көпірдің көпір анкерлері қанағаттанарлық жағдайда.
Semeynews.kz