Жаңасемей ауданының әкімі тағайындалды
Президент Әкімшілігі және Жаңасемей аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Абай облысы әкімінің Өкімімен Жаңасемей ауданының әкімі болып Базарбаев Руслан Ерланұлы тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Руслан Ерланұлы, 1989 жылы 1 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.
Әр жылдары «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
«Қазтехнология» АҚ бас менеджері. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың 10 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Semeynews.kz