Денсаулық сақтау

Абай облысында ӘМСҚ 62 медициналық ұйыммен шарт жасасты

Әлеуметтік сақтандыру қоры 2024 жылы халыққа медициналық қызмет көрсетуге 62 медициналық ұйыммен шарт жасасты. Қазіргі таңда аталмыш медициналық ұйымдар 11 млрд. теңге сомасында аванстық төлемдер алып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.

2024 жылы Абай облысында медициналық көмекке 87 млрд. теңге бөлінген.

Өңіріміздің басты ақпарат алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Абай облысы бойынша “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов өткен жыл қорытындысын баяндап, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.

– 2023 жылы облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетуге нақтыланған бюджет 84,5 млрд. теңгені құраған. Абай облысының медициналық ұйымдарында тәулік бойы стационар жағдайында 17,4 млрд теңгеден астам сомаға 70 279 адам, күндізгі стационар жағдайында 3,7 млрд теңгеден астам қаражатқа 39 312 адам ем алды. Жалпы МӘМС шеңберінде 72 845 жағдай бойында ем-дом шаралары жүзеге асты, – деді Ғалымжан Әбілов.

Мақсатты топтағы науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударылып, осы салаға өткен жылы 7,4 млрд теңге бағытталған. Спикердің айтуынша, ағымдағы жылы осы бағытқа 9,168 млрд. теңге қарастырылған.

– Биыл амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 8,785 млрд. теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға – 382 млн. теңге қарастырылған, – деп атап өтті спикер.

Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды.

– Жұмыс берушілер қызметкерлер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеду. Осы орайда салық салынатын ай сайынға табыс 10 ЕТЖ (850 мың теңгеден) аспауы қажет.Аталмыш қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Сондай-ақ, МӘМС жарналары мен аударымдары ай сайын тұрақты болуы керек екенін есте ұстаған жөн, – деді филиал директоры.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button