Абай облысында мемлекеттік органдар қызметкерлерінің практикалық дағдыларын арттыруға арналған семинар өтті
Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Анар Жакупованың төрағалығымен облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар әкімдіктері қызметкерлерінің, Абай облысының квазимемлекеттік секторлары басшыларының қатысуымен жұмыс кездесуі өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиынға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінің аға прокуроры Ербол Ахметжанов, Абай облысы сотының өкілдері судья Шолпан Манжуева, Абай облысы бойынша ҚР Сот әкімшілігі Департаментінің өкілдері, Әділет департаментінің өкілі, облыстық Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің басшысы Аида Кельдинова шақырылды.
Күн тәртібінде ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу талаптарын сақтау мәселелері қаралып, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде өтініштерді тіркеу, өтініштерді орындаушыға уақтылы жіберу және құзыреті бойынша қайта бағыттау мәселелері талқыланды.
Аталған семинар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің практикалық дағдыларын арттыруға ықпал етті, бұл ҚР қолданыстағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу бойынша алдын алу шарасы болып табылады. Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер алды.
Semeynews.kz