Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП
Жәнтікей ауылында мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда
Өткен жылы Ақсуат ауданы Жәнтікей ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 150 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталған болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Құрылысты «Жансерік» ЖШС компаниясы жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 70% орындалды. Құрылысты 2024 жылдың мамыр айының соңында аяқтап, тапсыру жоспарланған.
Мәдениет үйінің ғимаратында кітапхана, ардагерлер залы, ұйымдастырушылардың жұмыс бөлмесі, би залы, домбыра үйірмесі, киім ауыстыратын бөлме болады.
Semeynews.kz