ҚазақстанБілімТОП

ҰБТ-да 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

ҰБТ-да тестіленуші 85 мың түлектің 500-ге жуығының нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық саналады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 мың тестіленушінің ішінен бес жүзінің нәтижесі жойылды. Және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ – тест базасы күнде жаңарады!”, – деп жазды Смағұлов Facebook-те.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов “1 қыркүйекте балалар мектепке бара ма?” деген сұраққа жауап берген болатын.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button