Денсаулық сақтау

4 ақпанда Қазақстанда да бүкіл әлемде сияқты Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі

Біз ауырмағанға дейін денсаулығымызға назар аудара бермейміз. 2023 жылы Абай облысында 8500-ден астам онкопациент динамикалық бақылауда болса, 1652 жаңа жағдай тіркелді. Сонымен аймақта күн сайын орта есеппен 4 жаңа қатерлі ісік ауруы анықталып, 2 адам осы аурудан қайтыс болуда.

📌Ауруларды ерте анықтау сүт безі обырына (40-70 жастағы әйелдер, 2 жылда 1 рет), жатыр мойны обырына (30-70 жастағы әйелдер, 4 жылда 1 рет) және колоректальды обырға (50-70 жастағы ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет) скринингті қоса алғанда, ТМККК және МӘМС бойынша скринингтік тексерулерден өтуді білдіреді.

“ӘМСҚ” КЕАҚ Абай облыстық филиалы барлық қазақстандықтарды өз денсаулығын сақтауға шақырады. Әр адам үшін қатерлі ісікке қарсы күресте скринингтік тексерулерден уақтылы өту маңызды, ерте қойылған диагноз өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button