ҚазақстанҚоғамТОП

Үкімет Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы мәлім етті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ІPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді.

Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.

Анықтама: IPO (Initial Public Offering) – инвестиция тарту мақсатында компания акцияларын қор биржасында бастапқы орналастыру. IPO кезінде компания ашық айналымға акцияларын шығарады, оларды институционалды инвесторлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button