
26 қаңтарда Семей қаласында жаяу жүргінші абайсызда зардап шекті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota Corona көлігінің 36 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерде өткен 11 жасар қызды қағып кеткен.
Соқтығысу нәтижесінде қыз жарақат алып, аурухананың балалар бөліміне жеткізілді.
Абай облысының полиция қызметкерлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жолда абай болуды тағы да ескертеді.
Құрметті жаяу жүргіншілер! Жол ережелерін сақтаңыздар! Жолдың жүріс бөлігін тек белгіленген жерлерде өтіңіз! Өту кезінде өзіңіздің қауіпсіздігіңізге көз жеткізуіңіз қажет! Қараңғы уақытта рефлекторлық элементтерді пайдалансаңыз, жүргізушілер сізді алыстан көреді! Мұқият және өте сақ болыңыздар!
Semeynews.kz