ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейдегі “Заря” шағын ауданындағы мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов “Заря” шағын ауданында салынып жатқан 1200 орынға арналған мектеп құрылысымен танысты. Көшпелі жиынға мердігерлер мен бөлім басшылары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2023 жылдың жаз маусымында Заря ауданындағы Тарбағатай, Молдағалиев, Лермонтов көшелерінде ескі үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 1200 орындыққа арналған мектеп құрылысы жүргізілуде, бұл “Жаңа құрылыс” және “Океан аудандарындағы оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді. Ғимарат “KAZ Minerals” ЖШС-мен жасалған меморандум аясында салынып жатыр. Мектеп ғимараты заманауи үлгіде жабдықталып, оқушыларға қажетті барлық жағдай жасалынатын болады. Сондай-ақ, мектеп ауласында оқушыларға арналған спорттық алаңдар мен воркаут алаңдарын жайластыру жұмыстары жүргізіледі.

“Құрылыс қарқыны ойдағыдай жүріп жатыр. Жұмысты сапалы әрі белгіленген графикке сай аяқтаңыздар”,
– деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, қазіргі таңда қала шегінде үш мектептің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: 600 оқушыға арналған Водный кентіндегі мектеп, Қарағайлы және Заря ауданындағы 1200 орындық мектептер.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button