ҚоғамСемейТағайындауларТОП

Семей қаласының прокуроры лауазымына Азамат Уалиев тағайындалды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында 24 Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға Абай облысы прокурорының орынбасары Ермек Жаксыбаев қатысып, Семей қаласының жаңа прокурорын таныстырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының прокуроры лауазымына Уалиев Азамат Сардарбекұлы тағайындалды.

Азамат Уалиев 1978 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button