Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Абай облысында арнайы операция барысында үй-ұрыларының тобы ұсталды

Абай облысының Аягөз қаласында полицейлер сериялық үй-ұрыларының тобын ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандар қала аумағында пәтер ұрлығын жасаған. Тамыз айының соңынан бастап полицияға жергілікті тұрғындардың үйлерінен ақша, қымбат заттар мен зергерлік бұйымдарды ұрлау туралы арыздар келе бастаған. Жалпы шығын 2 млн 170 мың теңгені құрады.

“Анықталғандай, “қылмыстық үштікте” барлық рөлдер алдын-ала бөлінген. Қылмыс схемасы стандартты болды. Күдіктілер, тергеу мәліметтері бойынша, жеке сектордың аумағына кіріп, иелері үйде болмаған кезде пластикалық терезелерді майыстыру арқылы ішке кіріп, құнды заттарды ұрлаған”, – деді Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер қазіргі уақытта уақытша қамау изоляторына орналастырылды.  Аталған факті бойынша  үй-жайға заңсыз кіріп ұрлау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясымен мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button