Абай облысыҚоғамТағайындауларТОП

Абай облысы Үржар ауданының әкімі тағайындалды

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Заңының он төртінші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің, Үржар ауданының мәслихат депутаттарының келісімімен және Абай облысы әкімінің өкімімен Үржар ауданының әкімі лауазымына Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы, 1976 жылы 10 қазанда бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 2007 жылы Орталық Азия университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Энергетик кентіндегі Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2001-2002 ж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы.

2002 ж. – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының ұлттық және тіл саясаты бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы.

2007-2015 ж. – «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» КММ директордың орынбасары, Алматы қаласы.

2015-2016 ж. – «Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ басшысы орынбасары, Алматы қаласы.

2018-2020 ж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық істері комитетінің бас сарапшысы, Астана қаласы.

2022 ж. – «Материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК, ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, Астана қаласы.

2023 жылдың 10 наурызынан қазіргі уақытқа дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары және аудан әкімінің міндетін атқарушы лауазымында жұмыс істеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button