ШҚОБілімТОП

ШҚО-да балалардың жазғы демалысына 220 миллион теңге бөлінді

Өңірде онлайн-лагерлер жұмыс істейтін болады, ол жерде балалар түрлі үйірмелерге, байқауларға тіпті театралды қойылымдарға қатыса алады. Бұл, аймақ дәстүрлі жазғы демалыстан бас тартты дегенді білдірмейді, деп хабарлайды Semey News.

Осы маусымда 990 қала сыртындағы, мектеп жанындағы және спорттық лагерлер жұмыс істеп, 183 мың бала демалады. Короновирустық пандемияға байланысты лагерлер 50% толтырылыммен жұмыс істейді, ал балалар ПТР тестінен өтулері қажет. Қазірдің өзінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына жолдамалар сатып алынды.

  • Балаларымыз өз-өздерімен болып, максималды жазғы демалыспен қамтылуы үшін экологиялық демалыс лагерлері, түрлі үйірмелер жұмыс істейді, – деп Даниал Ахметов облыстық әкімдікте өткен жиналыс барысында атап өтті. – Шомылу орындарында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша полиция кезекшілігі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, биылғы жазда мұғалімдер негізгі оқу бағдарламасы бойынша қалған оқушылармен жеке жұмыс жасайды, бұл балалар жаз бойы оқиды дегенді білдірмейді, мұндай сабақтар еркін түрде болады. Қазірдің өзінде қосымша білім алуға 68 мың өтініш түсті.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button