Абай облысыҚоғамТОП

Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2024 жылғы​ жаңа оқу кезеңі ​ басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оқу кезеңі ​ басталу сәтінде әскери оркестрдің орындауында әнұран шырқалып, жауынгерлік ту жоғары көтерілді. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын​ ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылғы жылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды. Шара барысында қолбасшылық басқармасының офицерлерімен мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары өтті. Алғашқы сабақты ​ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев​ жүргізді.

  • Мемлекет басшысы атап өткендей «Біздің қарулы күштеріміз -мемлекетіміздің мызғымас тірегі». Сондықтан​ біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130 ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту болып табылады, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы​ генерал-майор Арман Жұмағалиев.​

​ Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын ​ қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында​ атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр.​

​Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button