ҚоғамСемейТОП

Семейде қар тазалауды коммуналдық қызметтер тәулік бойы жүргізуде

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдармен себуге 60-тан астам техника мен 60-қа жуық жұмысшы жұмылдырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Түнгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылды…

Жалпы алғанда, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, оның ішінде қар тазалау кезінде таптырмайтын шнекороторлар, тиегіштер бар.

Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көлік көтеріліп, түсетін жерлерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады.

Қар шығаруға қатысты немесе басқа да сұрақтарыңыз болса біздің WhatsApp нөмірімізге +7 (700) 718-71-60 жаза аласыздар. Барлық мәселелер қала әкімдігінің толық бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button